2008 жылдан бері әлеуметтік желіде анасының құрсағында жатқан дельфиннің фотосы тарап жүр. Snopes фактчекерлері суреттің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.
“Сіздерге қызық нәрсе көрсеткім келіп тұр. Мына дельфин анасының құрсағында жатыр”, – деп жазды Х желісі қолданушысы фотоны жариялап.

Бұл фото Reddit-ке, Pinterest-ке және 9GAG-ға да жарияланды.
Фактчекерлер 2014 жылғы қыркүйекте оператор, режиссер, продюсер және ғалым Дэвид Барлоудың YouTube арнасына жарияланған «Құрсақтағы дельфин» деген видеоны тапты.
Оның сипаттамасында былай делінген:
“Туғанға дейінгі 12 айлық дельфин ұрығы құрсақта. Модельді Pioneer Productions АҚШ-тағы National Geographic, Ұлыбританиядағы 4-арнада көрсетілген «Құрсақтағы» бағдарламасы үшін жасалған. Бұл суретті ананың денесін жарық өтіп, құрсақтағы нәрестесі көрінетіндей етіп жасаған».
Видео сипаттамасында davidbarloarchive.com, Дэвид Барлоудың уеб-сайтына сілтеме бар. Онда «құрсақтағы толыққанды дельфин ұрығының кеш дамуы мен тууын бейнелейтін бейнелер жинағы» көрсетілген. Онда кадрлар арнайы эффектілер арқылы жасалғаны айтылған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.