«Қазақтелеком» мен «Air Astana» компанияларына айыппұл салынды

Қазақстан азаматтарының жеке деректерінің тарап кеткеніне байланысты “Қазақтелеком” және “Air Astana” компанияларына айыппұл салынды. Компаниялар бір жыл ішінде 100 АЕК (369 200 теңге) көлемінде айыппұл төлеп, ақпараттық қауіпсіздікті бұзуды жоюы керек. Бұл туралы Курсив хабарлады.

Ақпанда GitHub ресурсында белгісіз біреулер қытайлық iSoon (aka Anxun) компаниясының құпия деректерінің ағып кеткенін жариялады. Қытайлық хакерлердің кем дегенде бір тобы екі жылға жуық уақыт бойы қазақстандық байланыс операторларының маңызды инфрақұрылымына толық қол жеткізгені, онда Қазақстан азаматтарының жеке деректері де болғаны белгілі болды. Сондай-ақ БЖЗҚ-ның 2019 жылғы деректері де тарап жүргені айтылды. Кейбір скринда Air Astana әуе компаниясы туралы ақпарат болды.

Курсивтің мәліметі бойынша, ақпарат тарағаннан кейін Цифрлық даму министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның маңызды инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігіне талдау жүргізді. Цифрлық даму министрлігі екі компанияда – «Қазақтелеком» мен «Air Astanа» компаниясы заң бұзғанын анықтады. Ұялы байланыс операторлары мен БЖЗҚ арасында ақпарат қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталмады.

Informburo.kz ақпараты бойынша, «Қазақтелеком» және «Air Astanа» ӘҚБтК-нің 641-бабы 1-бөлігі 2-тармағы (Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz