Қазақстандық полицей немересінің 1-сыныпқа барғанын дүркіретіп тойлады ма?

Орыс тіліндегі сегментте дүбірлі тойдың видеосы тарады. Онда бейнеленген тойды қазақстандық полицей немересінің 1-сыныпқа барғанына орай, өткізді деседі. “Проверено” басылымы видеоны және оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Бұл бейне «Павлодар қаласындағы жол полициясы бастығының немересі 1 қыркүйекті тойлады» және «Жай ғана Павлодар қаласындағы жол полициясы бастығының немересі 1-сыныпқа барды» деген жазумен бірқатар жерде жарияланды. Желі қолданушысының кейбірі мұны “сауатсыздық, ақымақтық, жемқорлық” деп атады (1, 2, 3).

Видеоның қашан түсірілгені белгісіз, бірақ желіге 1 қыркүйекке дейін жарияланғаны анық. Ролик YouTube-та ең ерте 11 және 17 тамызда пайда болды. Дегенмен видеоның алғашқы дереккөзі табылмады.

Бейненің Қазақстанда түсірілгенін батырлардың ұлттық костюміне, қойылған әнге қарап байқауға болады. Батырлар баланы таққа отырғызып алып шыққанда “Алашұлы” тобының “Батырлар ұраны” деген әні қосылды. Ал той өтіп жатқан зал — Павлодарда орналасқан Saida Plaza мейрамханасы. Мұны 2GIS қызметіндегі банкет залының суреттері растайды — перделер, есіктер, есіктердің үстіндегі шамдар және едендегі өрнек бейнеде көрсетілгендермен бірдей.

Қазақстандық полицей немересінің 1-сыныпқа барғанын дүркіретіп тойлады ма?

Оған қоса бұл күні олар баланың мектепке барғанын емес, сүндет тойын тойлаған.

Осылайша, видеоның 1 қыркүйекке еш қатысы жоқ, оның ешбір қазақстандық мемлекеттік қызметкермен байланысы дәлелденбеді. Дегенмен бұл мерекені жол полициясы қызметкерінің отбасы ұйымдастырса да, мұнда тұрған ерекше ештеңе жоқ: мұндай тойды көп қазақ ұйымдастырады және оған кеткен шығын да көп емес.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz