Қазақстанда беймәлім ұшақ ұшып жүрген видео рас па?

2023 жылы маусымның соңында Twitter-дегі UFO-Hunter (Беймәлім ұшқыш нысанының аңшысы) деген парақша қызық видео жариялады. Онда Қазақстан аспанында ұшып жүрген беймәлім ұшақ бейнеленген деседі. Snopes фактчекерлері видеоны тексеріп көрді.

Қазақстанда беймәлім ұшақ ұшып жүрген видео рас па?
Twitter-дегі жазба скрині

Фактчекерлер Google Maps арқылы бейненің Қарағанды облысының Балқаш қаласында түсірілгенін анықтады. Бұл бейненің ең ерте жарияланған мерзімі — 2022 жылғы 25 қыркүйек.

Қазақстанда беймәлім ұшақ ұшып жүрген видео рас па?

Алайда кадрдың нақты қашан түсірілгені белгісіз. Дегенмен 2022 жылғы 21 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан “Союз МС-22” ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін түсірілген болуы мүмкін. Себебі әлеуметтік желі қолданушылары сол күні осыған ұқсас бейнелерді бөліскен.

Ғарыш капсуласы жерден шығып, төменгі орбитаны өткенде әртүрлі қаладан осы сияқты басқа видеолар түсіріліп, оны бірқатар қазақстандық жаңалықтар сайтына жарияланған.

Яндекс іздеу жүйесінен де осыған ұқсас көп фото табылды.

Соңында фактчекерлер “аспандағы ерекше жарық конденсация ізі мен “жарқыл құбылысы” деп аталатын комбинацияның салдары болуы мүмкін” деген қорытындыға келді. Екіншісі пайдаланылмаған отынның биікте қатып қалуынан туындайды.

Factcheck.kz