Қазақстан БҰҰ-ның Израильге қатысты қарарын қолдады

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы бас ассамблеясының Израильге қатысты қарарын қолдады. Құжатта Израиль Голан шатқалын босатып, 1967 жылғы шекарасына оралуы керек екені жазылған.

Бұл қарарды жалпы 91 ел қолдаған. Оның ішінде Қытай, Ресей, Үндістан, Сауд Арабиясы, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан сияқты елдер бар. 8 мемлекет қарсы дауыс берген. Олар: Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Канада, Израиль, Маршалл аралы, Микронезия, Палау. Ал 62 ел қалыс қалған. Олардың қатарында Украина және бірқатар Еуропа мемлекеті бар.

Қазақстан БҰҰ-ның Израильге қатысты қарарын қолдады

Халықаралық құқық бойынша, Голан шатқалы — Сирияның құрамдас бөлігі. Бірақ 1967 жылы алты күнге созылған соғыст Израиль оны басып алып, Голан шатқалының шығысын бақылауға алған. 1981 жылы Израиль парламенті бір жақты шешіммен аймақты өз құрамына қосқан. Дәл осы жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аймақты басып алуды заңсыз деп танып, сегіз пункттен тұратын қарар қабылдаған. Оған сәйкес, Голан шатқалы Израиль юрисдикциясына кірмеуге иіс, Израиль басып алған Сирия жерінің барлығын Дамаскқа қайтаруы керек.

Дегенмен БҰҰ бас ассамблеясы жаңа қарарында Израильдің бұрынғы қарар талаптарын да орындамай отырғаны жазылған. Олар Израиль Голан шатқалындағы бейбіт өмірді, тыныштықты бұзып жатыр деп есептейді.

Factcheck.kz