Қар көшкінінде отбасын тастап қашқан әкенің видеосы шынайы ма?

Желіде қар көшкінінде отбасын тастап қашқан әкенің видеосы тарады. Twitter-дегі бір жазбада: “Құдайым-ау, сене алар емеспін!! Әкесі қашып кетті“, – деп жазылған. Snopes фактчекерлері бейнені және оған қатысты ақпаратты тексеріп көрді.

Видеода тау шаңғысы курортында, ашық аспан астындағы мейрамханада ер адам әйелімен және екі баласымен отырады. Кенет қар көшіп, оларға қарай беттейді. Ер адам сасқанынан өзі қашып кетеді де, отбасы қар көшкінінің астында қалады.

Қар көшкінінде отбасын тастап қашқан әкенің видеосы шынайы ма?

Видеода шынайы көрініс бейнеленбеген. Бұл 2014 жылғы «Форс-мажор» деген швед комедиясының үзіндісі. Фильм режиссеры — Рубен Эстлунд.

Видеодағы қар көшкінін фильмнің трейлерінен көруге болады.

Оның үстіне, әлеуметтік желіде тараған видеоның толық нұсқасы Magnolia Pictures & Magnet Releasing YouTube арнасына жарияланды.

«Форс-мажор» фильмі 2014 жылы Канн кинофестивалінде қазылар алқасының «Ерекше көзқарас» жүлдесін жеңіп алды. Фестивальдің ресми сайтында ол былай сипатталған:

Швед отбасы шаңғы тебу үшін француз Альпілеріне бірнеше күнге барады. Күн жарқырап, беткейлер керемет көрінеді, бірақ түскі ас кезінде таудағы мейрамханада көшкін басталып, бәрі астан-кестен болады. Түстеніп жатқан адамдар қашып жатқанда, Эбб балаларын қорғау үшін күйеуі Томасты шақырады. Осы уақытта Томас өзі аман қалу үшін қашып кетеді. Апат болмайды, бірақ бұл отбасы басынан катаклизм кешеді — әкенің отбасындағы орны күмәннің астында қалады. Томас пен Эббаның некесі қыл үстінде, ал Томас үйдің отағасы рөлін қайта қалпына келтіру үшін жанталасып жатыр. “Форс-мажор” — замануи отбасы өміріндегі ер адамның рөлін бақылайтын комедия.

Factcheck.kz