Қаңтар қырғынында қамқоршысынан айырылған балаларға тегін ғылыми дәріс өтеді

Алматыда Қаңтар қырғынында қамқоршысынан айырылған балаларға тегін ғылыми дәріс өтеді. Оны Erkin Adamdar қауымдастығы ұйымдастырады. Бұл туралы “Тіл кеспек жоқ” парақшасы хабарлады.

Балаларға арналған жаңажылдық іс-шара “Ғылым маусымы” деп аталады. Балалар үш күн бойы математика, әдебиет, химия, биология, ІТ, астрономия, музыка, өнер, ағылшын тілі пәні бойынша дәріс тыңдайды, куиз ойнайды, шығармашылықпен айналысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты — қысқы демалыста балалардың көңілін сергіту, уақытын тиімді өткізуге көмектесу және қанды Қаңтардан қалған жарасын жазуға жәрдемдесу.

Ғылым маусымында ең үздік ұстаздар, ғылымдар мен эксперттер балаларға өз пәні, кәсібі туралы айтып, олардың ғылым-білімге деген сүйіспеншілігін арттырады, құлшынысын арттырады.

Erkin Adamdar қауымдастығы

Іс-шараға Алматыдағы 6-16 жас аралығындағы балалар ғана қатыса алады.

Factcheck.kz