Израильдің Газадағы ауруханаға шабуылы: видеоны тексереміз

Желіде атыстан үрейленіп, бір ғимараттың дәлізінде жасырынып жатқан адамдар көрсетілген видео жарияланды. Оны таратқан адамдар “кадр жақында Израиль әскерінің Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасына жасаған шабуылында түсірілді” деседі. Reuters фактчекерлері видеоның Израиль-ХАМАС арасындағы қақтығысқа қатысы бар-жоғын тексерді.

Израиль әскері Әл-Шифа ауруханасын атқылап жатыр”, – делінген Х желісіндегі жазбада. Осыған ұқсас жазба Facebook-ке де жарияланды.

Израильдің Газадағы ауруханаға шабуылы: видеоны тексереміз

Бұл видео 15 қарашада Израиль Газадағы Әл-Шифа ауруханасына басып кіргеннен кейін кеңінен тарай бастады. Израиль әскерінің айтуынша, аурухананың астында ХАМАС өкілдері қолданып жүрген жертөле бар (ХАМАС қозғалысы бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр).

Шын мәнінде, видеоны Rassd News Network деген мысырлық телеарна 2013 жылғы тамызда YouTube-қа жүктеген. Онда Мысырдың астанасы Каирде орналасқан Рабаа ауруханасындағы атыс бейнеленген.

Бұл медицина орталығына жасалған шабуыл туралы The Atlantic және The Washington Post басылымы да жазды: 2013 жылғы 14 тамызда әскерилер Мысырдың бұрынғы президенті Мұхаммед Мурсиді қолдау үшін ереуілге шыққандарды қудалаған.

Осылайша, көпшілік арасында тараған видеоның Израиль-ХАМАС арасындағы соғысқа еш қатысы жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz