Исландиядағы жанартаудан адамзат тарихында болмаған мөлшерде СО2 бөлінді ме?

19 желтоқсанда Facebook-та Исландиядағы Гриндавик жанартауының қоршаған ортаға әсері туралы ақпарат жарияланды. 18 желтоқсанда Рейкьянес түбегінде жанартау атқылады. Қарашада оған жақын аймақта тұратын мыңдаған тұрғын эвуакацияланды.

“Табиғат ана бір сәтте СО2 қалдығын адамзат тарихында болмаған көп мөлшерде шығарды”, – делінген постта. Оған қоса онда Исландиядағы жанартау туралы жазылған мақалалардың скриншоты бар. Ал USA Today мәлімдемені тексерді.

Исландияның қоршаған ортасын қорғаумен айналысатын агенттіктің ауа сапасын зерттейтін ғалымы Торстейн Йоханнссон фактчекерлерге электрон пошта арқылы зерттеушілер жанартау атқылаған соң шыққан СО2 қалдығын талдау үшін оның өлшемін жинап алса да, ол туралы әлі ештеңе мәлімдемегенін хабарлады. Оған қоса ол жанартаудың екі жарым тәулік қана атқылағанын, бұл уақыт аралығында көмірқышқыл газын адамзаттан да көп мөлшерде шығарып үлгермегенін айтады.

NASA-ның мәліметі бойынша, адамдар әлемдегі барлық жанартауға қарағанда (бір жылда) шамамен 100 есе көп көмірқышқыл газын бөледі. Агенттіктің хабарлауынша, 100-200 жылда бір рет атқылайтын ең үлкен жанартаудың өзі адамдардың бір жылда бөлетін көмірқышқыл газынан аз шығарады.

Deep Carbon Observatory бағдарламасының пресс-релизіндегі ақпар бойынша, жыл сайын адамдар жанартауға қарағанда 40-100 есе көп көмірқышқыл газын бөледі.

“Ғаламшарда жиі — шамамен 40-50 рет жанартау атқылап тұрады”, – дейді жанартауға қатысты жаһандық бағдарламаның зерттеушісі Эд Венцке.

“Кез келген кішкентай жарылыс (мысалы, Рейкьянес түбегіндегі жанартау жарылысы) СО2-ні антропогендік жағдаймен бірдей мөлшерде шығарады деген мәлімдеменің ғылыми негізі жоқ”, – деді ол.

АҚШ-тың геология қызметінің жанартауға қатысты апатта көмек беретін бағдарламасының жетекшісі Джейк Ловенастерн да бұл пікірге келіседі.

“Жарылыстың бірінші фазасында төгілген көмірқышқыл газы туралы бірінші бағалау нәтижесіне сүйенсек, жанартау жаһандық антропогендік қалдықтың бір сағаттағы эквивалентінен көп қалдық бөлді деу қиын”, – деді ол басылымға электрон пошта арқылы.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz