HWR: Қазақстан Динара Смайылова әйел құқығы саласындағы жұмысы үшін қудаланбағанына кепілдік беруі керек

Қазақстан билігі әйелдер құқығын қорғап жүрген Динара Смайылованы қызметі үшін қудалап жатпағанына кепілдік беруі керек. Бұл туралы Human Rights Watch халықаралық ұйымы мәлімдеді.

Оған қоса ұйым Динара Смайылованың адвокатының құқығы кез келген тергеуде толық сақталауы керек екенін, билік сот төрелігі жүйесін манипуляция үшін және белсендінің үнін өшіретін құрал ретінде қолданылмайтынын қамтамасыз етуі қажет екенін айтты.

Билік Смайылованың заңсыз әрекетіне дәлел іздеп жатқанға ұқсайды. Бұл істің астарындағы мотивтерге қатысты елеулі алаңдаушылық тудырып отыр. Биліктің Смайыловаға қарсы белсенді іс-қимылға көшуі − қылмыстық әрекетті жоюдан гөрі оның ұйымының заңды жұмысын қаралау әрекетіне көбірек ұқсайды.

Виктория Ким, Human Rights Watch ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісінің көмекшісі

Ұйым Қазақстан үкіметін Динара Смайылованы бейтарап тергеуге шақырды.

“Полиция тұрмыстық және жыныстық зорлық-зомбылық үшін айыпталғандарға қарсы жиі шара қолданбайды, бірақ осы қылмысты әшкерелеу мен оны жасаушыларды жауапқа тартумен айналысатын ұйым басшыларын қудалау үшін аянбайды. Билік халықаралық адам құқықтарын құрметтеп, бұл саладағы міндеттемесін толық орындап, Смайылованың әділетті процеске құқығын сақтап, ол әйелдер құқығы саласындағы жұмысы үшін қудаланып жатпағанына кепілдік беруі керек”, – дейді HRW-дің Орталық Азия жөніндегі зерттеушісінің көмекшісі Виктория Ким.

Factcheck.kz