Гүлді иіскеп тұрған сарышұнақтың фотосы 2019 жылдан бері интернетте кеңінен тарап жүр. Snopes фактчекерлері суреттің қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.
Фактчекерлер фотоны зерттеп, суреттердің шынайы екенін, Adobe Photoshop немесе басқа да бағдарлама арқылы өңделмегенін анықтады.

Суреттерді табиғатты түсіретін Нидерландының фотографы Дик ван Дуйн түсірген. Серия оның фотоға арналған уеб-сайтына, Instagram-ға жарияланған.
Business Insider-ге берген сұхбатында ван Дуйн жер астындағы шұңқырларды қазатын тиін тұқымдас кеміргіштерді суретке түсіру үшін арнайы Венаға барғанын айтты. Бұл кадрды түсіру үшін ол шамамен екі сағат 200 сурет түсірген.
«Сарышұнақ гүлді иіскеп, оған мұрнын тақағанда бұл менің бүкіл өмірімдегі ең керемет сурет екенін түсіндім», – деді ван Дуйн.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.