Gemini қызметі қайта іске қосылды

Google компаниясы алты айдан соң адамдардың суретін жасайтын Gemini деген жасанды интеллект функциясын қосты. Оны Advanced-ті, Business-ті және Enterprise-ті ақылы қолданатын адамдар пайдалана алады. “Курсив” басылымының ақпараты бойынша, алғашында бұл функцияны “нәсілге қатысты алалауы” үшін өшірген болатын: чат-бот терісі ақ адамдардың суретін салудан бас тартқан. Бастапқыда бұл мүмкіндік тек ағылшын тілінде істейді.

“Google өнімді “техникалық тұрғыдан жетілдіру үшін жұмыс істеді” және “адамдардың суреттерін жасауға қатысты айтарлықтай прогреске қол жеткізді”, – делінген компания блогында.

Ақпанда Google компаниясы Alphabet-тің адамдардың суреттерін жасайтын жасанды интеллектісі “бірнеше апта” істемейтінін айтқаннан кейін акциялары бір күнде 4%-ға түсіп кетті. Gemini пайдаланушылары Google алгоритмі “ақ адамдарды” салудан бас тартқанын байқады. Мысалы, жасанды интеллект “1943 жылғы неміс солдатының суретін салып бер” деген өтінішке жауап ретінде неміс әскери киімін киген еуропалық емес адамдардың бірнеше суретін көрсетті, деп жазды The New York Times. Қолданушылар осы жағдайды сынаған соң, Google ЖИ қызметін өшірген еді.

Factcheck.kz