Желіде бір видео тарады. Онда израильдік әскердің Газада орналасқан ауруханадағы жергілікті тұрғындарды бульдозормен қуып жатыр-мыс. Видео биыл түсірілген деседі. Reuters ақпаратты тексеріп көрді.
“Израильдіктер Камаль Адван ауруханасының науқастары мен босқындарды бульдозармен жаншып езді”, – делінген Х және Facebook-тегі жазбада.

Алайда бұл — ескі видео. Оны 2013 жылы әл-Жазира арнасы жариялаған. Онда 2013 жылғы 14 тамызда Мысырдың Каир қаласындағы Рабаа әл-Адавия алаңында болған наразылық бейнеленген. Онда лауазымынан айырылған бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдап шыққандарды бульдозермен қуып жатқаны көрсетілген.
2013 жылғы тамызда Reuters агенттігі Мысыр күштері көзден жас ағызатын газ шашып, наразылық білдіргендерді таратып, лагерлерін бульдозермен бұзғанын хабарлады.
Осылайша, видеода израильдік әскердің Газадағы адамдарды жаншып езіп жатқан кезі бейнеленгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Кадрдың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысқа қатысы жоқ.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.