“Фукусима” атом электр станциясының төккен қалдығынан балықтар қырылған ба?

Әлеуметтік желіде Оңтүстік Корея мен Қытайдың жағажайында қырылып жатқан көп балықтың видеосы тарады. Бұл жағдай 2023 жылғы 24 тамызда Жапонияның «Фукусима» атом электр станциясы қалдығын төккеннен кейін болды деседі. Agence France Press ақпаратты тексеріп көрді.

«Фукусиманың радиация қалдықтары төгілген Жапониядағы теңіздің қазіргі жағдайын үкімет жасырып отыр», – делінген Youtube желісінде 26 тамызда жарияланған видеоның тақырыбында. Бұл видео 150 мыңнан астам рет қаралған.

"Фукусима" атом электр станциясының төккен қалдығынан балықтар қырылған ба?

Кадр бірқатар жерде бірнеше тілде тарады (мұнда, мұнда, мұнда).

Жапондық АЭС-ның радиоактив қалдығын төккені Оңтүстік Корея мен Қытайда дүрбелең тудырды. Дегенмен көпшілік арасында тараған видео интернетке станция қалдығын төкпей жатып, бір ай бұрын жүктелген.

Google-дың кері іздеу жүйесі видеоның алғаш 2023 жылғы 7 ақпанда Douyin деген желіге жарияланғанын анықтады.

Дәл осы күні жапондық Joetsu Times басылымы Итойгава қаласындағы жағажайда көптеген балықтың қырылғанын хабарлады. Бұл оқиғаны NHK, TBS және NTV телеарналары кеңінен таратты (1,2,3). Бұл қала Жапонияның батыс жағалауында және “Фукусима” атом электр станциясынан 280 шақырым жерде орналасқан.

Жергілікті шенеуніктің агенттікке айтуынша, оқиғадан кейін шамамен 250 тонна өлі балық жиналған, бірақ олардың неден қырылғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Осылайша, бұл видеоның Фукусима атом электр станциясынан төгілген радиоактив қалдығына еш қатысы жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz