Еурокомиссия Х желісінде араб-израиль қақтығысы туралы жалған ақпарат көп тарағанына алаңдап отыр

Еурокомиссияның цифрлық құқық жөніндегі басшысы Тьерри Бретон Илон Маскқа Х желісінде (бұрынғы Twitter) араб-израиль қақтығысына қатысты жалған ақпарат көп тарап жатқанын, осылайша Еурокомиссия заңын бұзылғанын ескертті. Олар Илон Масқа мұны реттеу үшін 24 сағат уақыт берді. Бұл туралы Euronews хабарлады.

“Х желісінде жалған не бұрмаланып берілген, қақтығысқа еш қатысы жоқ ескі суреттер немесе видео ойындардан алынған әскери кадрлар тараған. Бұл — жалған не адамды шатастыратын ақпарат”, – делінген Еурокомиссия басшысы Тьерри Бретонның Маскқа сейсенбіде жолдаған хатында.

Оған қоса ол мазмұны Еурокомиссия заңдарына қайшы келетін контентті уақытылы, объективті бола отырып, өшіруі керек екенін айтты.

Жаңалық жарияланатын кезде Х желісінің АҚШ-тағы компаниясы Бретонның пікіріне қатысты түсініктеме бермеді.

Дүйсенбі түнде X желісінің қауіпсіздік командасы ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылы туралы әлемде 50 миллионнан астам хабарлама бар екенін және платформаның басшылығы жағдайды жоғары деңгейде назар аударылуы қажет дағдарыс деп бағалағанын айтты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz