Ерекше кардинал құстың фотосы рас па?

Интернетте түсі ақ-қызыл ерекше құстың фотосы тарады. Бұл кардинал деген құстың сирек кездесетін түрі деседі (1, 2, 3). Snopes фактчекерлері суретті тексеріп көрді.

“Рождество қарсаңында Канадада сирек кездесетін ақ-қызыл құс пайда болды”, – деді жазбасында бір желі қолданушысы. Енді бірі: “Қалаға кардинал Санта келді”, деп жазды.

Ерекше кардинал құстың фотосы рас па?

Өмірде ақ-қызыл кардиналдардың бар екені рас, бірақ олар мына фотодағы құсқа ұқсамайды. Олардың кейпі сәл басқа.

Сонымен қатар фактчекерлер суретті жіті тексеріп, ерекше құстың фотосы жасанды интеллект арқылы жасалды деген қорытындыға келді. Мысалы, суретте ағаштың бұтағында тұрған құстың бір тырнағы бар, бірі жоқ.

Ерекше кардинал құстың фотосы рас па?
Factcheck.kz