Еңбек министрлігі басшысының атынан фейк хабарлама тарап жатыр

Белгісіз біреулер фейк парақша арқылы Еңбек министрлігінің басшысы Светлана Жакупованың атынан жеке хабарламалар таратып жатыр. Бұл туралы Liter.kz хабарлады.

“Алаяқтар өзге адамның атын жамылып сөйлесіп жатқан адамнан жеке деректерін біліп алуға, алаяқтық әрекет істеуге тырысып жатыр. Осындай жағдайға тап болсаңыз, мұндай хабарламаларға сенбеңіз және жауап бермеңіз, жіберген сілтемесін баспаңыз. Алаяқтар сілтеме арқылы сіздің жеке дерегіңізге ие болуы мүмкін”, – деп хабарлады министрлік.

Factcheck.kz