Джо Байденнің балағаттап жатқаны бейнеленген видео шынайы ма?

Желіде бір видео тарады. Онда АҚШ президенті Джо Байденнің президенттік сайлаудан кеткеннен кейін өзін сынағандарды балағаттағаны бейнеленген деседі. AFP фактчекерлері видеоны тексерді.

«ШҰҒЫЛ: Джо Байденнің жаңалықтардағы маңызды жолдауы», — делінген 2024 жылғы 21 шілдеде End Wokeness парақшасына шыққан жазбада.

Видеодан АҚШ президенті Джо Байденді көруге болады. Онда ол балағат пен қарғыс сөздер айтып жатыр.

“Көбіңіз мені “ми құртынан зардап шегеді” немесе миымның орнында езілген алма бар дедіңіздер. Бірақ мен сызылып тұрмаймын, сондықтан міне сендерге….”, — деп әрі қарай балағат сөздер айтады.

Джо Байденнің балағаттап жатқаны бейнеленген видео шынайы ма?

Бейне X және басқа платформаларда тарады.

Бірақ фактчекерлер видеоның өңделгенін анықтады.

Видеода көрсетілген арнайы белгіден оны Х желісіндегі «Prison Mitch» деген парақша жасағанын түсінуге болады. Бұл парақша иесі үнемі мем, өңделген видео мен фото жариялайды.

Суреттерді іздеу жүйесі арқылы фактчекерлер Байденнің кадрлары 13 шілдеде Пенсильванияда Дональд Трампқа жасалған қастандықтан кейін сөйлеген сөзінен алынғанын анықтады. Сол кезде президент PBS News-тің тікелей эфирінде саяси зорлық-зомбылықты айыптаған болатын.

PBS News те Байденнің балағат сөздер айтқан, көпшілік арасында тараған видеоның фейк екенін, компанияның логотипі көрерменді алдау үшін пайдаланылғанын айтты.

«Байден мұндай мәлімдеме жасаған жоқ. PBS News бұл видеоны пайдалануға рұқсат бермеді», – деп жазды БАҚ.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz