2023 жылы 7 қазанда басталған Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыстан соң Джастин Бибердің израильдік туды ұстаған фотосы тарады. Snopes фактчекерлері суретті тексерді.
Әйгілі әнші Джастин Бибердің Израильді қолдайтыны рас. Ол Instagram парақшасына “Израиль үшін дұғадамын” деп жазды. Осы мәлімдемесінен соң, оны даттағандар да, қолдағандар да болды.
Кейін көпшілік арасында әншінің Израиль туын ұстаған фотосы тарады. Сурет жарияланған пост сипаттамасында: “Ол әрқашан олардың жағында болды. Оған қоса ол онда Израиль 2021 жылы Палестинаны бомбалай бастағаннан кейін өнер көрсететінін мәлімдеді”, – делінген.

Әншінің позициясына қарамастан, көпшілік арасында тараған фото өңделген. Фактчекерлер 2011 жылы түсірілген түпнұсқа суретті тапты. Онда Джастин Бибер Израильдің емес, Бразилияның туын ұстап тұр.

Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.