Әлеуметтік желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құс тұмауының тарап жатқанына байланысты төтенше жағдай жариялап, мемлекеттерге сайлау науқанын тоқтатуды бұйырғаны туралы хабар тарады. Reuters фактчекерлері мәлімдемені тексерді.
Бұл мәлімдеме алғаш рет 6 шілдеде The People’s Voice сайтына жарияланды. Дегенмен фактчекерлер бұл басылымның бұған дейін фейк ақпарат таратқанын байқаған.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзінің уеб-сайтында жариялаған шұғыл хабарламасында құс тұмауы келесі пандемияға әкелуі мүмкін және COVID-тен де көп өлімге себеп болуы мүмкін», – делінген мәтіннің екінші абзацында.
Кейін Мексикада құс тұмауы вирусын жұқтырып, қайтыс болған адам туралы хабар пайда болғаннан кейін, 2024 жылғы маусымдағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мақаласы келтірілген. Дегенмен онда қандай да бір сайлауды тоқтату немесе құс тұмауын COVID-19 вирусымен салыстыру туралы жазылмаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Кристиан Линдмайер электрон хатта ДДСҰ үкіметтерге сайлауды тоқтатуды бұйырмағанын және мұндай құқығы жоқ екенін айтты.
АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары 3 шілдедегі мәлімдемесінде жалпы халық үшін құс тұмауын жұқтыру қаупі әлі де төмен екенін айтты.