ChatGPT-ді жасаған компания үстінен шағым түсті

АҚШ-тағы калифорниялық Clarkson заң фирмасы OpenAI үстінен арыз түсірді. Олар жасанды интеллект негізіндегі ChatGPT чат-ботын жасаған компания авторлық және мәліметті құпия сақтау құқығын бұзып жатқанын алға тартты. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.

Арыз “OpenAI миллиондаған интернет-қолданушының әлеуметтік желідегі, блогтардағы, Уикипедиядағы мақалалардағы, отбасылық рецептердегі пікірлерін қолданған кезде құқығын бұзды” деген болжамды тексеруге бағытталған.

“Clarkson фирмасы “ақпараты ұрланған және коммерциялық мақсатта өте ықпалды технологияны құру үшін пайдаланылған нақты адамдардың” мүдделерін қорғаймыз”, — деді фирманың басқарушы серіктесі Райан Кларксон айтты.

Сот процесі чат-бот пен кескін генераторлары сияқты жасанды интеллектінің “генератив” құралдардың шешілмеген негізгі мәселесіне қатысты. Технология интернетте бар миллиардтаған сөзді пайдаланып, олардың арасындағы логика байланысын табуды үйрену арқылы жұмыс істейді. “Тіл моделі” жеткілікті ақпарат жинаған соң, белгілі бір хабарламаға қалай жауап беру керек екенін түсінуі мүмкін. Бірақ мәселе мынада: авторлар OpenAI сияқты компанияның олардың миллиондаған мәтінін өз пайдасына қолдануға келіспеген.

Washington Post басылымының жазуынша, әзірлеушілерге тиімді болатын әдістің, яғни құралдарды үйрету үшін интернеттегі деректерді пайдалану қаншалық заңды екені әлі белгісіз.

OpenAI басылымның бұған қатысты сауалына материалды жазып жатқанда жауап бермеді.

Factcheck.kz