ChatGPT арқылы ғылыми жұмыс жазған ресейлік студент диплом алды

Ғылыми жұмысын ChatGPT чат-боты көмегімен жазған Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің студенті Александр Жадан диплом алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-інде хабарлады.

Диплом алдым. ChatGPT көмегімен жазғанымның дәл өзі. Оқиғаны жария еткеннен кейін мен, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және жалпы білім беру саласы үшін жағдай қалай болғанын қорытындылайтын кез келді. Қысқасы, таңғаларлық», – деп жазды Жадан Twitter-інде. Оған қоса қолында құжаты бар суретін жариялады.

Түлектің айтуынша, университетте оның жұмысын тексерген оқытушыларды жұмыстан шығару мәселесі талқыланған. Бірақ курстастары бұл қадамның мәнсіз екенін алға тартып, ректорға хат жазған.

«Біз олардың (мұғалімдер – ред.) беделін сақтау үшін қолдадық. 4,5 жыл бойы бізге көмектесті, сондықтан оларға зиянымыз жоқ», – деп жазды Жадан.

Жаданның сөзінше, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті өкілдері алғашында чат-бот арқылы жазылатын диплом жұмысын қайта тексеретінін, оған тыйым салатынын айтса, қоғамдағы наразылық пен депутаттардың дипломның сақталуы туралы мәлімдемесінен соң оқу орнының басшылығы плагиатқа қарсы жүйені жетілдіруге көңіл бөлген.

Тіпті, 17 ақпанда Жаданды білім беру саласында нейрон желісін қолдану мәселесіне қатысты университет оқытушыларының пікірталасына шақырды. Оған қоса, студент Мемлекеттік Думаның тиісті комитетінің білім беруде жасанды интеллекті қолданудың мүмкіндіктері мен тәуекелдеріне арналған дөңгелек үстеліне шақырылды.

Factcheck.kz