“Бір рет жеп, өмір бойы тоқ жүресің”: табиғатта ерекше саңырауқұлақтың бары рас па?

Әлеуметтік желіде табиғатта ерекше бір саңырауқұлақтың бар екені туралы ақпарат тарады. Оны бір жеген адам өмір бойы тоқ жүреді дейді. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл ақпарат бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3, 4).

"Бір рет жеп, өмір бойы тоқ жүресің": табиғатта ерекше саңырауқұлақтың бары рас па?

Фактчекерлер саңырауқұлақтарды зерттейтін екі микологтан сұрады. Мамандар саңырауқұлаққа қатысты ақпараттың техникалық түрде шын екенін айтады. Дегенмен ақпараттағы кейбір сөз бұрмаланған. Сан-Франциско микологиялық қоғамының президенті Натали Вреннің айтуынша, саңырауқұлақтың белгілі бір түрі улы болса, адамның өмірінің соңында жеген соңғы тамағы болуы мүмкін. Сәйкесінше тойып та қалады. Себебі адам жай ғана өліп кетуім мүмкін.

Қорытындылай келе, фактчекерлер мәлімдемені “жалған” деп атады. Табиғатта адамды өмір бойына тойдыратын, улы емес саңырауқұлақ жоқ.

Солтүстік Америка микологиялық қауымдастығының бірінші вице-президенті Дэйв Лэйтон көпшілік арасында тараған фотоны тексеріп көрді. Оның айтуынша, бұл саңырауқұлақтар латынша Rhodotus palmatus деп аталады. 2022 жылғы зерттеулер бойынша, олар улы емес, бірақ оның дәмі ащы болған соң, жеуге жарамсыз.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz