Байденнің әскери киім киіп түскен фотосы шынайы ма?

2024 жылғы қаңтарда АҚШ президенті Джо Байденнің фотосы тарады. Онда ол әскери киім киіп алып, бір жиында отыр. “Проверено” басылымы суреттің қаншалық шынайы екенін тексерді.

Бұл фото бірнеше жерде жарияланды (1,2,3,4,5). Көбі суретте бейнеленген Байден мен басқа да адамдар АҚШ-тың Таяу Шығыстағы ықтимал әскери операциясын талқылап жатыр деп топшылады.

Кездесудің фотосы 28 қаңтарда Иорданияның солтүстік-шығысында, Сириямен шекараға жақын орналасқан әскери базаға ұшқышсыз ұшақ шабуылдап, салдарынан үш АҚШ сарбазы қаза тауып, 25-і жараланған соң тарай бастады. Сол күні Байден кінәлілер жауапкершілікке тартылмай қалмайтынын айтты.

Суретте көрсетілген адамдар Таяу Шығыста болуы мүмкін операцияны талқыласа, оларды фотоға кездейсоқ адам түсіре алмасы анық. Бірақ бұл фото ресми органдарда – Ақ үйдің уеб-сайтында, АҚШ қорғаныс министрлігінде, президенттің әлеуметтік желілерінде жарияланбады.

Оған қоса Lead Stories жобасының және “Проверено” басылымының фактчекерлері Hive Moderation жүйесі арқылы фотоны тексерді. Нәтижесінде ол жасанды интеллект арқылы жасалғанын анықтады.

Factcheck.kz