Балиде табылған алып сегізаяқтың фотосы шынайы ма?

2024 жылғы 4 маусымда теңіздің жағасында жатқан алып сегізаяқтың фотосы тарады. Көпшілік бұл сурет Балиде түсірілген дейді (1, 2). Snopes фактчекерлері фотоны тексерді.

Балиде табылған алып сегізаяқтың фотосы шынайы ма?

Фактчекерлер Google-дан суреттің түпнұсқасын таппады. Оған қоса бірде-бірде сенімді, беделді ақпарат агенттігі алып сегізаяқтың табылғаны туралы хабар таратпады.

Бірақ İnstagram-нан цифрлық технология, жасанды интеллект арқылы түрлі контент жасайтын best_of_ai_ деген парақша иесі сегізаяқтың фотосын жариялаған. Сипаттамасына туристер мен ғалымдарды таңғалдырған алып сегізаяқ туралы әңгіме жазған. Бірақ соңында хикаяның өтірік екенін айтқан.

Балиде табылған алып сегізаяқтың фотосы шынайы ма?

Фактчекерлер авторға хат жолдап көрді, бірақ одан жауап ала алмады. Сол себепті қолда бар ақпаратқа сүйеніп, фото шынайы емес деген қорытындыға келді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz