Азаттық радиосы мен Қазақстан билігі аккредитация бойынша келісімге келді

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Қазақстан сыртқы істер министрлігімен редакция тілшілерінің аккредитациясына қатысты бір келісімге келді. Бұл туралы редакцияның өзі хабарлады.

Азаттықтың өкілі Стив Капус басылым тәуелсіз әрі шынайы ақпарат таратуды мақсат ететінін айтады.

Біз сыртқы істер министрлігімен келісімді құптаймыз. Бұл процесс барысында басты мақсатымыз журналистеріміздің Қазақстандағы маңызды жұмысын қауіпсіз әрі компромиссіз жүргізуіне мүмкіндік жасау болды. Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін.

Стив Капус, Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі атқарушы директоры

Айта кетері, 2024 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Азат Еуропа/Азаттық радиосының 36 журналисіне аккредитация беруден бас тартқан. Азаттықтың кей тілшісінің бар аккредитациясының мерзімі өтіп кеткен еді. Кейін Азат Еуропа/ Азаттық радиосы бұл шешімге наразылық білдіріп, сотқа арызданған.

Factcheck.kz