Al: Қырғызстанның «Азаттықты» жабуы — сөз бостандығына жасалған шабуыл

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты жөніндегі министрлігінің “Азаттык Үналгысы” сайтының ақпарат құралы ретіндегі жұмысын тоқтату туралы сотқа шағымын сынады.

Ұйым өкілінің айтуынша, Қырғызстанның “Азаттық” сайтын жабу әрекеті елдегі сөз бостандығы мен еркін пікір білдіру құқығына жасаған елеулі шабуылы болып саналады. Оған қоса бұл журналистер мен билікті сынаған басқа адамдарды қудалауды күшейтеді.

Халықаралық қоғамдастық Қырғызстандағы адам құқығына төнген қауіпке көз жұма қарай алмайды, сол себепті Бішкекті адам құқығы саласындағы халықаралық міндеттемелерін толық орындауға шақыруға тиіс. “Азаттық радиосын” жабу туралы өтініш кері қайтарылуы, сайт бұғаттан шығарылуы, ал Қырғызстандағы журналистер мен басқа да БАҚ қызметкерлері қуғын-сүргіннен қорықпай, жұмыс істей алуы керек.

Мари Стрейзерс, Amnesty International компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры

Айта кетейік, Қырғызстан билігі Ленин аудандық сотына “Азаттык Үналгысы” редакциясының елдегі жұмысын толық тоқтатуға қатысты шағым жолдаған. Бұл туралы Азаттықтың өзі 2023 жылғы 23 қаңтарда хабарлады.

Ақпарат министрлігінің шағымында сайттың қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы видеоматериалды өшірмегені жазылған. Министрліктің мәлімдеуінше, редакцияның бұл әрекеті соғысты, зорлық пен қатыгездікті насихаттауға, өзге ұлттарға қатысты ұлттық және діни төзімсіздікке тыйым салатын “Бұқаралық ақпарат туралы” заңға қайшы.

Контекст

2022 жылғы қазанда Қырғызстан билігі «Азаттық» сайтын екі айға бұғаттады. Оған Азаттық құзырындағы «Настоящее время» сайтында 16 қыркүйекте жарияланған видео себеп болған. Мәдениет министрлігі мамандарының пікірінше, «Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы ауыр шайқас» деп аталатын бейнеде “өшпенділік тілі қолданылған” және” Қырғызстанның көрші мемлекетке шабуыл жасағаны туралы расталмаған ақпарат” жарияланған.

Журналистерді қорғау комитеті үкіметтің шешімін «цензура» деп атады. Бұған қоса, олар тәуелсіз медиаға жау ретінде қарауды доғаруға және кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік беруге шақырды.

Кейін Азаттық Мәдениет министрлігінің әкімшілік шағымын қарауы аяқталмайынша бұғаттауды тоқтатуды және редакцияға тағылған барлық айыпты алып тастауды сұраған. Алайда департамент медианың ешбір уәжін қабылдамады.

Factcheck.kz