App Store-дан фейк-қолданба өшірілді

Құпиясөздерді реттейтін LastPass қолданбасының фейк нұсқасы App Store-дан өшірілді. Дегенмен оны Apple компаниясы ма, әлде қолданбаны әзірлеген компания ма – екеуінің қайсы өшіргені белгісіз. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.

Заңсыз қолданба өзге бір адамның атына тіркелген. Бірақ LastPass-тың бредиңі мен интерфейсін көшіріп алған. Бұл адамдарды шатастыру үшін жасалған болуы мүмкін. Қолданушылардың айтуынша, заңсыз қолданбаның интерфейсінде орфографиялық қате көп болған. Мұның өзі – оның фейк екенінің тағы бір дәлелі.

Бір қызығы, заңсыз қолданба бұған дейін Apple компаниясының тексерісінен өткен. Бұл жағдай цирфлық нарықтағы ЕО (DMA ) заңына қарсы шығып, тұтынушыларының қауіпсіздігі мен жеке дерегін құпия сақтауды мойнына алған компанияны сынның астында қалдырды.

Айта кетері, Apple бұған дейін DMA тұтынушыларға белгісіз тараптармен App Store дүкенінен тыс бизнес жүргізуге мүмкіндік беріп, қауіп төндіруі ықтимал екенін айтқан. Оған қоса алаяқтар тауарды, жазылымды сатып алған тұтынушыларды кейін одан бас тарта алмайтындай етіп жіберуі мүмкін.

Бірақ бұл жолы қауіп App Store-дың өзінде де болып отыр. Қолданбаларды талдайтын Appfigures ресурсының мәліметі бойынша, фейк-қолданба 21 қаңтарда әзірленіп, іске қосылған. Авторлардың адамдардың назарын аударуға екі аптасы болған. Қолданба кеңінен танылмады, оны бірнеше адам ғана жүктеген. Кейін ол өшірілді. “Проверено” басылымының ақпары бойынша, қолданбаның қаншалық қауіп төндіріп-төндірмегені әзірге белгісіз.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz