Amnesty International цифрлық қауіппен күресетін жаңа құрал ұсынды

Amnesty International ұйымының қауіпсіздік зертханасы өзінің уеб-сайтында жаңа мүмкіндіктерді іске қосты.

“Бүкіл әлемде азаматтық қоғамды қудалау, қорқыту және олардың үнін өшіру үшін аңдытин құрылғыны, цифрлық қауіпті қолданады. Қауіпсіздік зертханасының негізгі мақсаты – құқық қорғаушыларға, белсенділер мен журналистерге цифрлық шабуылдардан қорғануға көмектесу және мұндай жағдай болғанда әділдік пен жауапкершілікті іздеу”, – деді Amnesty International ұйымының қауіпсіздік зертханасының операциялары жөніндегі менеджері Каролина Роча да Силва.

Қауіпсіздік зертханасы уеб-сайтының жаңа мүмкіндіктерінің бірі – тәуекел тобындағы азаматтық қоғам мүшелеріне арналған сандық сот сараптамасының сенім телефоны. Бұл кибершабуылдардың нысаны болған немесе болуы мүмкін адамдарға цифрлық қауіптермен күресуге көмектесу үшін жасалған алғашқы қадам.

“Қазір бізде шпион бағдарламасы және цифрлық қауіптердің басқа түрлері арқылы кибершабуылға ұшырадым деп санайтын адамдарға көмектесетін тегін сенім телефоны бар. Кибершабуылға ұшыраған сияқты болсаңыз, оның белгілерін байқсаңыз, құрылғыңызды тексерту қажет”, – деді Amnesty International ұйымының қауіпсіздік зертханасының операциялары жөніндегі менеджері Каролина Роча да Силва.

Қауіпсіздік зертханасының уеб-сайтынан сандық сот сараптамасының жедел желісі мен цифрлық қауіпсіздік орталығын табуға болады.

Factcheck.kz