Amazon сурет жасайтын жаңа ЖИ-генераторды таныстырды

AWS re:Invent конференциясында Amazon жасанды интеллектің Titan Image Generator деп аталатын жаңа генераторын таныстырды. Бұл туралы «Код Дурова» хабарлады. Bedrock платформасындағы бұл құрал мәтінде жазылған ақпарат бойынша сапалы сурет жасап береді.

Titan Image Generator-дың ерекшелігі — адамдар дайын суретті де өңдей алатынында. Мысалы, ондағы элементтерді өзгерте алады, кадрдағы бір затты өшіре алады немесе артқы фонды ауыстыра алады. Жасанды интеллектінің алгоритмі суретке детальдар қосып, оның композициясын кеңейте алады.

Titan Image Generator арқылы жасалған әр суретте бір қарағанда көзге көрінбейтін арнайы белгі тұрады. Бұл белгі суретті жасанды интеллект жасағанын дәлелдейді және жалған ақпарат тарамауына көмектеседі.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz