Аляскада әйел сұлбасына ұқсайтын тау бар ма?

Аляскадағы Суситна тауы Анкориджа қаласының маңында орналасқан. Халық арасында оны “Ұйқыдағы ару” деп атайды, себебі тау әйел сұлбасына ұқсайды деседі. Тіпті желіде таудың жоғарыдан түсірілген фотосы тарады. Snopes фактчекерлері суретті тексеріп көрді.

Аляскада әйел сұлбасына ұқсайтын тау бар ма?
Тау жоғарыдан қарағанда жатқан әйелдің сұлбасына ұқсайды

Алайда фактчекерлер фотоны Жан-Мишель Бихорель деген суретшінің цифрлық технология арқылы жасағанын анықтады. Ол “Қысқа ұйқы” деген атаумен суретті өзінің веб-сайтына жариялаған.

Оған қоса Бихорель басылымға таудағы әйел сұлбасы табиғат құбылысы емес, оның компьютер арқылы жасаған туындысы екенін растады.

Factcheck.kz