Алексей Навальныйдың анасының келінін айыптаған аудиосы шынайы ма?

2024 жылғы ақпанда желіде аудио-хабарлама тарады. Онда жақында қайтыс болған саясаткердің анасы келіні Юлияны «жаман әрі оңбаған адам» деп атап, ұлының өліміне қатысты көзқарасы үшін жек көретінін айтты. “Проверено” басылымы аудионың қаншалық шынайы екенін тексеріп көрді.

Видео 22 ақпанда ресейлік Telegram-арналарда, медиада және басқа да платформаларда жаппай тарай бастады. Көптеген басылым 16 ақпанда колонияда қайтыс болған Алексей Навальныйдың анасы келінін азғындық және басқа да «арамдық» әрекеттері үшін ашық айыптады деп мәлімдеді. Кейбір жазба авторлары Людмила Навальная осылай «Юлия Навальнаяның Ресейдегі саяси мансабын тас-талқан етті» деп санайды.

Вирус болған видеоның ұзақтығы – шамамен бір жарым минут. Онда былай деген:
“Құрметті Юлия Борисовна Абросимова! Енді сізге айтарым бар. Сіз менің ұлымды соңғы рет 2022 жылғы ақпанда көрдіңіз. Сізге Ресейге кіруге тыйым салмады, сізге қатысты бірде-бір қылмыстық іс ашылмады, бірақ сіз екі жыл ішінде бірде-бір оған бармадыңыз. Ақиқатында 2021 жылғы көктемнен бастап сіз ұлыммен некеде емессіз, көпшілік арасында басқа еркектермен жүресіз. Сіз оны жансақтау бөлімінен енді шыққанда және мән-жайды аса түсінбей тұрғанында Ресейге келуге мәжбүрледіңіз. Сіз Алексейдің барлық мүлкін тартып алдыңыз, сол себепті ұлым сізбен сөйлеспей қойды. Сіз қызыңызды ұлыма қарсы қойдыңыз. Алексей қайтыс болғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң, оның атынан Мюнхенде күлімсіреп сөйлегеніңізді көру мен үшін біртүрлі және жабайы әрекет болды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның атынан қалай сөйлейсіз? Сіз әдеп сақтап, қара жамылып, уақытша тоқтай тұрмадыңыз. Оның өлімін сауда еттіңіз. Сіз жаман әрі оңбаған адамсыз. Мен сізді жек көремін және ұлымның, баламның атынан алыпсатарлық жасауыңызға тыйым саламын”.

Алайда фактчекерлер Al or Not құралы арқылы аудионың нейрожелі арқылы жасалғанын анықтады.

Factcheck.kz