Актер Мэттью Перридің өліміне коронавирусқа қарсы екпе себеп болған ба?

Жақында Facebook-те қайтыс болған Мэттью Перридің “Қайтадан екпе алуыма бола ма?” деген жазуы бар футболка киген суреті тарады.

“Жатқан жерің жайлы болсын, Мэттью Перри. Гидромассаж ваннасында өліп кетті. Болжам бойынша, өліміне ыстықтан немесе, бәлкім, кейінге қалдырылған нәрсені насихаттағанынан туындаған жүрек ұстамасы себеп болған”, – делінген жазбада.

Автор пікірі арқылы COVID-19-ға қарсы вакцинаны меңзеген. Оған қоса ол жазбасында ыстықтан абай болуды ескертеді, себебі “материалдағы” қоспаны қоздырып, белсенді етіп жібереді-міс. Тіпті, Wi-Fi-ды қауіпті деген.

USA Today фактчекерлері медицина мамандарына хабарласып, жазбадағы ақпараттың рас-өтірігін анықтады.

28 қазан “Достар” сериалына түскен 54 жастағы Мэттью Перри үйіндегі гидромассаж ваннадан өлі табылды. Билік оның неден қайтыс болғанын анықтауға бірнеше апта керек екенін айтты.

Алайда көптеген медицина маманы вакцинадағы химиялық заттардың ыстықтан не жылудан белсенді болып кетпейтінін айтады.

«Ыстық ванна немесе Wi-Fi вакцинаны белсенді етіп, адамды өлтіреді деген мәлімдеме — биологиялық тұрғыдан негізі жоқ бос сөз», – деп жауап берді электрон пошта арқылы Джонс Хопкинс атындағы денсаулық қауіпсіздігі орталығының аға ғылыми қызметкері Амеш Адайла.

Солтүстік Каролина университетінің жұқпалы аурулар жөніндегі маманы доктор Дэвид Воль мұнымен келіседі.

“Вакцинада бұған себеп болатын ештеңе жоқ”, – деді ол.

USA Today фактчекерлері “бұл мәлімдеме вакцинадағы графин оксиді туралы жалған ақпаратқа байланысты тарауы мүмкін” деген қорытындыға келді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz