АҚШ-тың НАТО-ның жылдық бюджетіндегі үлесі «үштен екі» ме?

Әлеуметтік желі қолданушылары АҚШ НАТО-ның жылдық бюджетіне 860 миллиард доллар қосқанын айтып жүр. Бұл альянстың 1,3 триллион долларлық жалпы жарнасының 66%-і деседі. Reuters мәлімдемені тексеріп көрді.

Мәлімдемені таратқандар АҚШ-тың қорғанысқа бөлетін жалпы шығыны мен НАТО-ға бөлетін шығынын қосып, шатастырып алған. Оның үстіне НАТО бюджеті тым асыра сілтеніп айтылып тұр.

Пентагонның мәліметінше, Уошиңтон 2023 жылы қорғаныс шығындарына 816,7 миллиард доллар бөлді. Сол жылы НАТО бюджеті 3,3 миллиард еуро (3,59 миллиард доллар) болды, деп хабарлайды НАТО сайты. АҚШ НАТО-ның жылдық бюджетіне қосқан үлесі – 15,8%. Бұл шамамен 521 миллион еуро (567 миллион доллар). АҚШ-тың жанама қаржы жарналары ұйымның жылдық бюджетіне кірмейді.

Сондықтан, көпшілік арасында тараған ақпарат жалған.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz