Бұрын АҚШ-та кинотеатрда попкорн жеуге болмайтын деседі. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.
Көпшілік арасында тараған Reddit жазбасындағы ақпарат бойынша, 1920 жылдары АҚШ-та попкорнды қытырлақ дыбысы үшін кинотеатрда жеуге тыйым салған.
Бұл ақпарат жартылай шын.
Алғашында фильмдер дыбыссыз көрсетілетін. 1927 жылдан бастап кино сүйер қауым фильмнің бейнесін көріп қана қоймай, дыбысын да еститін. Кинотеатрға баратын адамдар өзімен бірге түрлі тіскебасар, тамақ, соның ішінде попкорн алып баратын болған. Әсіресе, көбі попкорн жейтін. Өйткені ол жеңіл, дәмді әрі арзан. Попкорн сататындар кинотеатрлардың алдында тұрып, шоу басталмас бұрын көрерменге попкорн салынған сөмкелер сататын. Театр өкілдері кейде келген адамдардан попкорн салынған сөмкелерін, басқа да тағамдарды сыртқа қалдыруын сұраған.
Бірақ театр өкілдері попкорнның кәсібіне пайдасы бар екенін түсінді. Кинотеатрға попкорнмен кіруге рұқсат бергендер дағдарыстардан аман қалды. 1945 жылы адамдар АҚШ-тағы попкорнның басым бөлігін кинотеатрда жеген. Содан кейін кинотеатрлао фильм көріп отырып попкорн жеп отыруға рұқсат берген.