АҚШ саясаткерінің әйелі Барби қуыршағына байкот жариялауға шақырды ма?

Бірқатар медиада “АҚШ палатасының өкілі, республикашыл Мэтт Гетцтің әйелі Жинжер Гетц Барби туралы фильмді көрген соң, қуыршаққа байкот жариялауға шақырды” деген ақпарат тарады. Snopes фактчекерлері мағлұматты тексеріп көрді.

2023 жылғы шілдеде көптен күткен “Барби” фильмінің премьерасы өтті. Жаңа фильмді АҚШ палатасының өкілі, республикашыл Мэтт Гетц пен оның әйелі Жинжер Гетц те тамашалаған. Алайда туынды Жинжер Гетцке ұнамаған. Ол өзінің Twitter парақшасына сыни пікірін бөліскен.

Осы жазбасынан соң “Мэтт Гетцтің әйелі қызыл кілемде күлгін көйлегімен суретке түсіп, Барбиге байкот жариялауға шақырды” деген тақырыптағы жаңалықтар тарай бастады.

Жинжер Гетцке қатысты ақпарат бұрмаланып тараған. Ол Барби қуыршағына емес, “Барби” фильміне байкот жариялауға шақырған. Ол өзінің Twitter парақшасына: “Барби фильмін көргіңіз келіп жүр ме? Бар шабытыңызды театрды көруге емес, әдемі киінуге жұмсауға кеңес берер едім. Оның бірнеше себебі бар: кішкентайымнан білетін Барби түрлі мамандық пен әйел құқығын кеңейтетін шексіз мүмкіндіктің үлгісі болды. Өкінішке қарай, 2023 жылғы Барби туралы фильм сенім, отбасы сияқты құндылықтарды қозғамайды және “ер мен әйел бірге дұрыс жұмыс істей алмайды” деген ойды насихаттайды (фу)”, – деп жазды.

Кейін ол тағы бір жазба жариялады. Онда былай делінген: “Түсіндіріп кетейін: әйгілі қуыршақ Барбиге байкот жариялаудың қажеті жоқ. Дегенмен 2023 жылғы Барби туралы фильм барлық мүмкіндігін жіберіп алды және әйел мүмкіндігі мен құқығын (әсіресе, Кендерден) кеңейтуден басқасының бәрі болды”.

Оған қоса ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Стив Бэннге берген сұхбатында фильмге байкот жариялау керек екенін айтты. Онда ол: “Бұл фильм балаларға мүлдем арналмаған. Басқа Барбилердің мүмкіндіктерін арттырудың орнына, олар бір-біріне қарап: “Әйел болу үшін көп нәрсе қажет, сондықтан біз стандартымызды төмендетуіміз керек” дейді. Бұл мен біліп өскен Барби емес. […] Түсіндіре кетейін: мен әйгілі Барби қуыршағынан бас тартуға емес шақырмаймын, бірақ “Барби” фильміне байкот жариялаған дұрыс”, – деген.

Factcheck.kz