Адамға лық толы суретте Қытайдағы жағажай бейнеленген бе?

Әлеуметтік желіде адамға лық толы жағажайдың суреті тарады. Көпшілік онда Қытайдағы жағажай бейнеленген деседі. “Проверено” басылымы фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Бұл фото бірнеше жылдан бері, әсіресе жазда TwitterFacebook, ВКонтактеTikTokPinterest сияқты желілерде тарап жатыр. Тіпті, кейбірі суреттің сипаттамасына: “Балаңызды Қытайдағы жағажайда жоғалтып алсаңыз, іздемей-ақ қойыңыз. Жаңасын туып алған дұрысырақ!”, – деп әзілдеп жазып жатады.

Алайда суретте ту, иероглиф, плакат сияқты Қытай екенін дәлелдейтін бірде-бір белгі жоқ.

Фотоның сапасы өте нашар болған соң “Проверено” фактчекерлері оның алғашқы дереккөзін таба алмады. Дегенмен осы ракурстан түсірілген ұқсас суреттер Reuters фотобанкінде бар. Олардың жазбасында фото Бразилиядағы Копакабана жағажайында 2013 жылы 27 шілдеде, елге Рим папасы келгенде түсірілгені жазылған. The New York Times және The Guardian сияқты ірі агенттіктердің де материалында осы оқиға туралы айтылған және суреттер жарияланған. Осы сурет пен көпшілік арасында тарап жүрген фотодағы ақ, көк шатырдың, жағалау сызығының бірдей екенін байқауға болады.

Адамға лық толы суретте Қытайдағы жағажай бейнеленген бе?
The Guardian басылымындағы фото

БАҚ-тың хабарлауынша, сол күні 3 миллионға жуық католик Рио-де-Жанейродағы жағажайға Рим Папасын көруге барған. Бұл әлеуметтік желіде тараған фотоның тек мекенжайы емес, ондағы адамдарға қатысты деректің де жалған екенін білдіреді. Жағажайда демалып жүргендер емес, Оңтүстік Американың түкпір-түкпірінен арнайы келген католиктер бейнеленген.

Factcheck.kz