18 ел жасанды интеллектіні қауіпсіз етуге шақырды

АҚШ, Ұлыбритания, Германия және тағы 15 мемлекет жасанды интеллектіні қауіпсіз етуге қатысты келісімге қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Құжатта ЖИ әзірлейтін компанияларға бірнеше ұсыныс берілген. Мысалы, ЖИ әзірлейтін компаниялар киберқылмыскерлер жасанды интеллектіні өз пайдасына қолданбас үшін және құпия деректерге ие болмас үшін “ЖИ-ді құрылымы бойынша қауіпсіз ету керек” екені жазылған. Оған қоса онда ЖИ-ді әзірлегенде түрлі қауіп болуы мүмкін екенін ескеру керек деп айтылған.

“ЖИ жүйелері стандарт киберқауіпсіздік қатерлерімен қатар ескерілуі керек жаңа осалдықтарға ұшырайды. Қарқынды дамып жатқан жасанды интеллектінің қауіпсіздігі артта қалуы мүмкін. Дегенмен жасанды интеллектіні әзірлегенде ғана емес, жалпы толық өмірлік циклінде қауіпсіздік мәселесі негізгі талап болуы керек”, – делінген құжатта.

Factcheck.kz