Желіде кредит кешірілетіні жайлы фейк тарады

Әлеуметтік желіде әсіресе тиктокта Қазақстан халқының кредиті кешірілетіні жайлы ақпарат жиі тарап жүр. Factcheck.kz хабарламаның ескі екенін және қазіргі уақытпен сәйкес келмейтінін ескертеді.

Желіде тараған хабарламаның аудиосы 2019 жылы 26 маусымда “31 арна” эфирінен алынған. Яғни, қазіргі жағдайға еш қатысы жоқ.

31 арна фейк ақпараттың тез тарауына байлынысты мынадай мәлімдеме жасады.

“31 арнаның” “Информбюро” жаңалықтарында 2019 жылы 26 маусымда эфирге шыққан материал биыл жаңадан жарияланғандай әлеуметтік желіде тарап жатыр. Үш жыл бұрынғы материал ҚР президенті Қ.Тоқаевтың несиені кешіруге қатысты Жарлығы туралы еді…Қазіргі несиелерге еш қатысы жоқ.

“31 арна”.

Контекст

  • 11 мамырда мәжілістің пленарлы отырысында Мадина Әбілқасымова стресті активтер нарығын дамыту жөніндегі заң жобасын ұсынған болатын. Заң жобасында жеке тұлғалардың несиесі туралы да сөз қозғалды. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде түсініспеушіліктер көбейіп, тіпті «1,5 млн халықтың кредиті кешірілгелі жатыр» деген де ақпарат лезде тарады. Желіде тараған хабарламада проблемалық қарызы бар адамдардың жалпы саны мен Мадина Әбілқасымованың парламенттегі сөзі бұрмаланып, жаңа фейктің тууына әсер еткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz