Жақында әлеуметтік желіде Марк Цукербергтің әйелі Присцилла Чанмен бірге кетіп бара жатқан суреті тараған. Суреттегі Марк Цукербергтің жейдесінде “сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес” (your phone is listening and it’s not paranoia) деп жазылған. Factcheck.kz фотоның алғаш рет қашан түсірілгенін және қаншалықты сенімді екенін тексерді.

Үкім: Фейк
Желіде тараған суреттің оригинал нұсқасы мүлдем басқа және “сіздің телефоныңыз тыңдалады және бұл паранойя емес” деген жазу жоқ. TinEye дерегінше, фото алғаш 2010 жылы қазанда Цукерберг әйелі Присцилла Чанмен Калифорния штатындағы Пало-Альтодағы фермерлер базарында жүргенде түісіріліп, жарияланған.


Фотоның түпнұсқасы. Еш жазу жоқ. Түпнұсқа суреттің басқа ракурсы Түпнұсқа суреттің басқа ракурсы
Контекст
- Бұрындары әлеуметтік желіде Марк Цукербергтің дипфейк видеосы тараған. Видеода Цукерберг Meta компаниясының құпия ұйымның арқасында жетістікке жеткенін айтқан. Компания өкілдері бұл видеоны желіден өшірмейтінін хабарлаған.
- Бұдан бөлек коронавирус пандемиясы кезінде Цукерберг “COVID-19-ға қарсы вакцинаның адам ДҢҚ-сын өзгертетінін айтты” деген жалған ақпарат тарады. Voxukraine.org бұл туралы фактчек материал жариялаған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.