ЖАЛҒАН | «Нұр әлем» павильоны сатылымға шықты

433 миллиард теңгеге бағаланған «Нұр әлем» павильоны  сатылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Кешеден бері әлеуметтік желілер мен парақшаларда  осындай хабар тараған еді.

ЖАЛҒАН | «Нұр әлем» павильоны сатылымға шықты
Әлеуметтік желілерде таралған скриншот

Үкім: Жалған

Бұл хабарлама туралы “Колёса”, “Крыша”, “Маркет” өнімдер жөніндегі директоры Дмитрий Ботанов былай деп мәлімдеді:

ЭКСПО павильонының сатылатыны жайлы хабарламаның әзіл екені көрініп тұр. Осы скриншотты алғашқы болып жариялаған паблик вирусты сурет арқылы әлеуметтік желілерде танымал боламыз деген шығар. Шындығында “Крыша” сайтында мұндай хабарлама болған жоқ, әрі ол модератордан өтпес те еді. Меніңше, скриншоттан мұның фотошоп екені көрініп тұр. Жалған хабарламаның дизайны біздің сайттағы хабарламалардан өзгеше. Мысалы, интерфейсте кейбір элементтер болмауы мүмкін (“В избранное” немесе “Оставить заметку” сияқты сілтемелер) немесе бос қалып қалған жерлер ұшырасады

krisha.kz сайтынан алынды
Жалған жарнама мен шынайы жарнама krisha.kz сайтынан алынды

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде таралған скриншоттағы “Мәңгілік ел, 55” мекен-жайында көрме ұйымдастырушыларының офисі орналасқан.

мәліметтер 2gis.kz/astana сайтынан алынды.
мәліметтер 2gis.kz/astana сайтынан алынды.

 

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz