Nature зерттеуі: Фактчекингтің жалған түсінікке әсері

2022 жылдың 3 ақпанында танымал Nature ғылыми журналы Covid-19 мысалында фактчекингтің жалған түсінікке әсері туралы зерттеу жариялады. Зерттеу қорытындысына сай, фактчекинг бұрмаланған ақпаратқа сенетін адамның ойын өзгертуге әсер етеді. Дегенмен, бұл әсер ұзаққа созылмайды.

Зерттеу-сауалнама АҚШ, Ұлыбритания және Канадада демография, тіл және мәдениет жағынан ұқсас, бірақ саяси жағдайы, атап айтқанда, биліктің пандемияға көзқарасынан туындаған ойы әртүрлі қоғамда жүргізілді. Тәжіребие негізіне коронавирус пен пандемия туралы фейктер алынды. Бұл зерттеудің ерекшілігі осында (бұрыңғы зерттеу) — Covid-19 туралы дерек үнемі жаңартылатындықтан, сауалнамаға қатысқан респонденттердің нақты көзқарасы қалыптасып үлгермеген (мәселен, саяси жағдай туралы көзқарас көп жыл бойы қалыптасады).

Зерттеудің дәлелденген негізгі гипотезалары: 1) фактчек адамның ойын өзгертуге әсер етеді, дегенмен аз уақытқа; 2) бір жалған түсінікті жоққа шығару – басқа жалған түсінікке күмәндануға әкелмейді.

Зерттеу қорытындысына сай, фейкті жоққа шығаратын фактчек материал Covid-19 туралы теріс түсініктің cанын азайтады. Десе де, зерттеушілер пандемияға байланысты фейкті әшкерелеудің белгілі бір “мультипликативті әсері” барына және бұл басқа да жалған түсінікке әсері туралы дәлелдер таппады. Яғни, егер коронавирусты жоққа шығарған адам қателескенін түсінсе де, ол Билл Гейтстің жер халқын бір миллиардқа дейін қысқарту керек деген бұрмаланған ақпаратқа сене беруі мүмкін.

Сонымен қатар, зерттеуде фейкті сейілту адамға уақытша, бірнеше апта ғана әсер ететіні жазылған. «Мұндай нәтиже Covid-19 туралы қате көзқарасты азайту үшін фактчек жасайтын материалдар көп болу керек екенін көрсетті” делінген мақалада.

Бұдан бөлек, ғалымдардың айтуынша, медицинаға, ресми мәлімет пен БАҚ-қа емес, қате ақпаратқа сенгіш адамға фактчекинг мақалалары тиімді. Егер бұл дерек қайта зерттеліп, дұрыс екені дәлелденсе, онда бұл әлеуметтік антропология саласындағы басқа гипотезаның нақтылануына әкеліп, дамытуы мүмкін.

Басқа мемлекетте де зерттеу нәтижесі осындай болатынына авторлар сенімсіз болса да, екі нәрсені атап өтті. Біріншіден, фактты тексеру және сенімді ақпарат тарату — конспирологияның азаюына септігін тигізеді. Екіншіден, зерттеушілердің сөзінше, жалған түсінікке қарсы фактчек әсерін зерттеу жұмысын жүрзізу арқылы медиа саласын ғылыми және рационал ете аламыз.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz