Испанияда алғаш рет фейк таратқан адам сотталды

Испания азаматтық гвардиясының қызметкері (ұйым Ұлттық полициямен бірге құқық қорғау функцияларын орындайды) жалған ақпарат таратқаны үшін сотталған алғашқы адам болды. Бұл туралы El Pais хабарлады.

Аты-жөні аталмаған ер адам Twitter-дегі парақшасында әйелге жасалған аяусыз шабуылдың видеосын жариялап, қылмысты кәмелет жасына толмаған мигрант жасады деп мәлімдеген. Алайда бейнедегі оқиға Қытайда болғаны анықталған.

Сот процесінде ер адам 2019 жылғы шілдеде «мароккалық иммигранттарды қабылдамауынан және оларға деген өшпенділігнен” жазба жариялағанын мойындады.

45 секундтық видеода ер адам әйелді ұрып-соғып, ес-түссіз қалдырады. Содан кейін шабуылдаушы әйелдің шалбарын шешіп, сүйрейді. Қытай билігі бұған дейін видеоны қылмыскерді анықтау үшін таратқан.

Тергеу барысында азаматтық гвардияның қызметкері екі Twitter профилін және Instagram-дағы бір парақшасын өшіруге келісті. Оған қоса сот оны 15 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды және 1 620 еуро айыппұл салды.

Контекст

Жақында Қазақстан және шетел сарапшылары этносаралық өшпенділік тілін жеңуге арналған QazNetEtiquette этика кодексін ұсынды. QazNetEtiquette — ақпарат кеңістігінде ұлтаралық қақтығыстар мен өшпенділік тілінің тарауының алдын алуға арналған қарапайым әрі әмбебап 10 әдеп ережеcі.

Factcheck.kz