Фактчек | Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ұзын-сонар кептеліс

22 қыркүйекте, Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін Twitter-де Ресей-Қазақстан шекарасында көліктердің ұзын-сонар кептелісте тұрған фотосы (материал жазылып жатқанда сурет өшірілді) жарияланды. Бұл жазба интернетте кеңінен тарап, көп лайк пен пікір жинап үлгерді.

Ресейдегі қазіргі жағдайға байланысты жүздеген мың ресейлік мобилизациядан қашу үшін елінен кетуге мәжбүр болып жатқандықтан, бұл жазба қоғамда дүрбелең тудырды. Сол себепті Factcheck.kg-дегі әріптестеріміз фотоның қаншалықты рас екенін тексерді.

Фактчек | Ресей мен Қазақстан шекарасындағы ұзын-сонар кептеліс

Twitter-ден скриншот

Яндекстің іздеу жүйесінде желіде тараған фотоға ұқсас басқа суреттер табылған. Нәтижесінде жазбадағы фотода Невада штатының Блэк-Рок шөліндегі Burning Man фестивалінен кейін пайда болған және 8 сағатқа жуық созылған автокөлік кептелісі екені анықталды. Суреттің авторы Twitter-дің @cjyu деген қолданушысы болып шықты. Ол бұл фотоны 2022 жылғы 5 қыркүйекте фестиваль аяқталған соң видеомен бірге жариялаған.

Оған қоса “Ресей мен Қазақстан шекарасындағы кептеліс” деген мәлімдемемен тараған жазбаның авторы бірнеше сағаттан кейін суретте шын мәнінде не бейнеленгенін өзі айтқан. Сол себепті Factcheck.kg үкімі бойынша, фотоға қатысты ақпарат жалған.

Контекст

Burning Man — АҚШ-тың Невада штатындағы Блэк-Рок қаласында бір апта бойы өтетін карнавал. Ол дүниежүзіндегі ең ірі өнер фестивалі болып саналады. Фестиваль қатысушылары шөлдің жағдайын ескеріп, инсталляцияларды өздері әкеліп, салып, орналастыруы керек. Жыл сайын бұл фестивальге әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген мың адам келеді, бірақ 2020-2021 жылы COVID-19 пандемиясына байланысты карнавал онлайн режимде өтті.

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz