Аргентина банкі Месси бейнеленген банкнот шығара ма?

Катарда өткен футболдың әлем чемпионатында Аргентина жеңіске жетті. Осыған орай интернеттің қазақ (мұнда, мұнда), орыс (мұнда, мұнда) және ағылшын тіліндегі сегметінде (мұнда, мұнда) “Аргентина Орталық банкі футбол ұлттық құрамасының көшбасшысы Лионель Месси бейнеленген банкнот шығаруы мүмкін” деген ақпарат тарады.

Factcheck.kz мәліметтің рас-өтірігін тексерді.

Аргентина банкі Месси бейнеленген банкнот шығара ма?
Instagram-да тараған ақпарат | Скриншот дереккөзі

Үкім: Жалған

Аргентина Орталық банкінің ресми сайтында мұндай ақпарат жарияланбаған. Ал El Financiero газеті Орталық банк елдің әлем чемпионатындағы жеңісін тойлаудың жолдарын қарастырғанын жазған. Алайда, газеттің хабарлауынша, банк өкілдері 1 000 песолық банкнотқа Мессидің суретін қоюды әзіл ретінде айтқан. Фейк авторлары ақпараттың мазмұнын бұрмалап, контекстен жұлған.

1 000 песолық банкнот суреті фотошоппен өңделген. TinEye cайты арқылы суреттің алғашқы дереккөзі табылды.

Аргентина банкі Месси бейнеленген банкнот шығара ма?Аргентина банкі Месси бейнеленген банкнот шығара ма?

Төменде Аргентинаның 1 000 песо банкноты мен фейк банкнот:

1978 жылғы футболдың әлем чемпионаты алғаш рет Аргентинада өтті, әрі ел жеңімпаз атанда. Аргентина Орталық банкінің дерегінше, жеңістің құрметіне сол уақытта мыс және күміс монеталардың екі сериясы шығарылған. Фейктің тарауына осы дерек түрткі болса керек.

Аргентина банкі Месси бейнеленген банкнот шығара ма?
1978 жылғы Аргентинада өткен чемпионаттың құрметіне шығарылған монеталар | Фото дереккөзі

Оқи отырыңыз:

  • Катарда өткен футболдың әлем чемпионатында Аргентина құрамасы Сауд Арабия футболшыларынан жеңілді. Бұл ойыннан соң желіде Сауд Арабиясында демалыс жарияланғаны туралы ақпараттың рас екенін жаздық.
  • Кейін желіде Сауд Арабия ойыншыларына 2 500 000 еуро сыйақы тағайындағаны туралы мәлімет тарады. Алайда Сауд Арабиясының баспасөз агенттігінің сайтында бұл жайлы дерек жоқ.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz