Катардағы чемпионатта украиналық нацистер тұтқындалды ма?

Әлеуметтік желіде Катарда украиналық жанкүйерлер әлем чемпионатының бойтұмарының суретіне нацистік граффити салғаны үшін қамауға алынғаны туралы видео тарады. Agence France-Presse (AFP) фактчекерлері ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

2022 жылғы 22 қарашада Twitter-де “Әл-Жазира” арнасынікіне ұқсас логотип бар видео жарияланды. Оның сипаттамасында: “Украиналық нацистер Катардағы футбол плакаттарына свастика салғаннан кейін қамауға алынды”,-делінген.

Катардағы чемпионатта украиналық нацистер тұтқындалды ма?
AFP скриншоты

Видеода ойын кезінде қол соғып отырған украиналық жанкүйерлер, Хитлердікіндей мұрт салынған чемпионаттың бойтұмары Лаиб және оның жанында нацистік “Зиг Хайль” деген жазу бейнеленген. Оған қоса роликтен полицияның біреулерді тұтқындағанын көруге болады.

Катардағы чемпионатта украиналық нацистер тұтқындалды ма?
Видеодан скриншот

Фактчекерлер видеоның фейк екенін анықтады.

Бейне “Әл-Жазираның” сайтына жарияланбаған. Компания AFP фактчекерлеріне видеоның жалған екенін және “Әл-Жазира” арнасының бұл және басқа да осыған қатысты ақпаратты таратпағанын айтқан. 2022 жылғы 24 қарашада телекомпанияның Twitter-індегі парақшасында да осындай мәлімдеме жарияланды.

Twitter-де белсенді Катар Ішкі істер министрлігі де украиналықтардың қамауға алынғаны туралы ашық мәлімдеме жасамады. Министрлік AFP фактчекерлерінің сауалына материал жазу кезінде жауап бермеді.

2022 жылғы 5 маусымда іріктеу матчында Украина Уэльстен жеңіліп, Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айырылды. Ал видеоның 8-12 секунд аралығында көрсетілетін украиналық жанкүйерлер шын мәнінде 2019 жылғы 15 маусымда Польшаның Лодз қаласындағы жастар бойынша әлем чемпионатының Украина мен Оңтүстік Корея арасындағы финалды тамашалап отырған. Бұл туралы Getty Images сайтында баяндалған.

Сонымен қатар AFP фактчекерлері 2013 жылғы 22 қыркүйекте Alrayyan телеарнасының Youtube-ынан әлгі видеодағы полицейлерге қатысты үзіндіні тапты. Яғни, осыдан тоғыз жыл бұрын Катар Ішкі істер министрлігі әлем чемпионатының қауіпсіздігіне жауапты арнайы жасақтың арнайы формасын ұсынғанға дейін жарияланған.

AFP Fact Check агенттігі InVID-WeVerify бағдарламасы арқылы әлем чемпионаты символының жарияланған суретін зерттеп, “Зиг Хайль” ұраны түпнұсқа фотода болмағанын, кейіннен қосылған болуы мүмкін екенін анықтады.

Катардағы чемпионатта украиналық нацистер тұтқындалды ма?
AFP зерттеуінің нәтижесі

Осылайша, видео әр жерде және әртүрлі уақытта түсірілген фото мен бейнелерден құрастырылған болып шықты. Оның үстіне оны «Әл-Жазира» телеарнасы да жарияламаған.

Factcheck.kz