Ресей Украинаға басып кіргелі бері соғыста кемінде 61 009 ресейлік әскери қызметкер қаза болған. Бұл туралы BBC-дің Орыс қызметі және “Медиазона” журналистері еріктілермен бірігіп жүргізген зерттеуіне сүйеніп мәлімдеді, деп хабарлады Азаттық Радиосы.
Қаза тапқанның басым бөлігі, яғни 12 238 адам – соғысқа тартылған тұтқындар.
Журналист-зерттеушілердің ақпараты бойынша, Украинада Ресей жағында соғысып жүргендер арасында кемінде 9532 ерікті, мобилизациямен соғысқа алынған 7663, 3725 офицер, әскери борышын өтеп жүрген 121 солдат опат болған. Қаза болғандардың көбі Башқұртстан, Краснодар өлкесі, Свердлов облысы мен Татарстаннан барған.