Сауд Арабия Аргентинаны жеңгені үшін демалыс жариялады ма?

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабия футбол құрамасы тұңғыш рет Аргентина құрамасын жеңді. Осы оқиғадан кейін “Сауд Арабия Корольдігі 23 қарашаны демалыс деп жариялағаны” туралы ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). Оқырмандардың өтініші бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Сауд Арабия Королі Салман футбол құрамасының тарихи жеңісіне байланысты 23 қарашаны демалыс ретінде жариялады.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Шындық

Сауд Арабия баспасөз агенттігінің мәліметіне сай, Салман ибн Абдул Азиз сәрсенбіні, яғни 23 қарашаны барлық мемлекеттік және жеке сектордағы қызметкерлер мен студенттер үшін демалыс деп жариялады. Ол бұл демалыс футболдан Сауд Арабия құрамасының тарихи жеңісі үшін жасалғанын әрі мереке ретінде атап өтілетінін айтты.

Біз осыған дейін Қатардағы әлем чемпионаты кезінде ЛГБТК+ туын көтергендерді “соттайтыны” туралы ақпаратты тексерген едік. Төменнен оқи аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz