Украинадағы соғыс: қаза болған 37 мың адамның аты-жөні анықталды

Журналист-зерттеушілер Украинадағы соғыста қаза болған 37 052 адамның аты-жөнін анықтады. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Зерттеуді “Медиазона” мен BBC-дің Орыс қызметі жасап жүр. Олар есепті жасағанда жергілікті биліктің, қаза болғандардың туыстары жариялаған некрологтарына, әскери қызметкерлердің қабірлеріне жазылған жазуларға, жергілікті БАҚ мәліметіне сүйенген. 

Басылымның хабарлауынша, журналист-зерттеушілер зерттеуінің қорытындысын кейінгі рет екі апта бұрын жарияланған. Осы уақыт аралығында тізімге 1 272 жаңа есім қосылған. Биыл күзде әскери қызметкерлердің өлімі жайлы хабар 25-38%-ке артқан. Зерттеушілер мұны Донецк түбіндегі Авдеевка ауданындағы ауыр шайқастармен байланыстырады. 

Екі апта ішінде майданда подполковник және одан да жоғары қызметтегі 14 аға офицер қаза болған.

Factcheck.kz