“Россия 24” арнасының фейкі: “Манекенді мәйіт ретінде көрсетпекші”

7 сәуірде “Россия 24” арнасында “әскери формадағы екі украиналық манекенді мәйіт ретінде көрсету үшін скотчпен орап жатқан” сюжет шықты. Осылайша ресейлік медиа “украиналық фейкті” әшкерелеген-міс.

Сюжет "Россия-24"

Жүргізуші сөзінен үзінді: “Міне, Украинадағы соғыс қимылдарында, тура мағынасында, театрға дайындық жүріп жатыр. Көріп отырғанымыздай, бұл өте қарапайым. Әскери формадағы екі адам манекенді скотчпен мұқият орап, мәйіт ретінде көрсеткелі жатқаны анық”

Бірақ фейк туралы сюжеттің өзі жалған болып шықты. Манекен биіктен құлауды модельдеу үшін сериалға дайындалған. Оны 2022 жылдың 20 наурызында Ресейдің Ленинград облысындағы Всеволожскіде түсірген. Бұл туралы режиссер Надежда Колобаева өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді және сол процестің басқа қырынан түсірілген фотосы мен видеоларын жариялады. “Біз 20 наурызда Всеволожскте сериалымызға терезеден құлау сәтін түсірдік, ал мында трюктерді қоюшы көмекшісімен Альбертті [манекенді-авт.] түсірілімге дайындап жатыр,” – деп жазды ол.

“Россия 24” арнасы көрсеткен видеоның түпнұсқасында кадр сыртындағы дауыстан “Терезеден құлайды, бейшара” дегенді естуге болады.

Возможно, это изображение (6 человек, люди стоят и на открытом воздухе)

Сонымен қатар, түсірілім болған жерді табу қиын емес. Бұл — Всеволожск қаласындағы Ленинградская көшесі 9/8. Түсірілім алаңынан үйдің нөмірі де көрініп тұр: 5-кіреберіс.

Бізден бөлек, Factcheck.kg мен The Insider-дегі әріптестеріміз де осындай тұжырымға келген. «Россия 24» арнасындағы сюжет жойылған, алайда журналистер пропагандалық видеоны жүктеп үлгерген. Шамасы, “Россия 24” қызметкерлері видеоны 6 сәуірде жариялаған “Антифейк” жалған-фактчекиң телеграм-каналынан алған. Бейненің федералды арнаның қолына қалай түскенінің ықтимал нұсқасын TJournal баяндайды.

Контекст: Украина туралы фейктердің жаппай тарауына байланысты халықаралық фактчекерлер желісі (IFCN, Factcheck.kz те IFCN мүшесі) Украинадағы соғыс туралы жалған ақпарат картасын жасап жатыр. Қазір 2 мыңға жуық ақпарат тексерілген.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz